211014 Маңғыстауды мекендеген аң-құстар жойылып барады. Тек, Үстірттің батыс және оңтүстік шыңдарында ғана бірен-саран архар мен киік қалған. Ал, жазықтық жерлерден жабайы жануарларды кездестіре алмайсыз. Осыған орай, бұдан екі жыл бұрын табиғи аймақтар құрылып, мемлекеттің қорғауына алынған болатын. Күндіз-түні бақылаудың нәтижесінде қазір аң-құстардың саны артып келеді дейді, мамандар.